• Басты бет
  • /
  • "Театр күні" аясында Қостанай облыстық қазақ драма театрына бару
"Театр күні" аясында Қостанай облыстық қазақ драма театрына бару

Мектебіміздің 8-11сынып оқушылары театр күні аясында Қазақ драма театрына барды. «Алжир» спектаклін тамашалай отырып, балалар актерлер ойынын, қызықты сюжет пен жарқын қойылымды қызықтады. Балалар актерлердің энергетикасын сезінді. Театрға барудағы мақсатымыз оқушыларымызды рухани байытып, мәдениет пен театр өнеріне баулу болды.